Қайырымдылық жаршылары – Халықаралық форумда

0
155

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр.

Кеше басталған форумға әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысуда. Арасында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Qaiyrymdylyq jarshylary» еріктілер тобы да бар. Қор директоры Мақсатбек Мақсотұлының айтуынша, 50-ге жуық шетелдік спикер волонтерлер жұмысына қатысты пайдалы ақпараттар, кейстерді ортаға салды.

Ал форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш жылда елімізде волонтерлердің саны үш есе көбейді. Мәселен, республикамызда 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір олардың қатары 200 мыңға жетіп отыр.