Сыр имамдарының құрбан айтқа дайындық жиыны өтті

0
175

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының Құрбан айтқа дайындық жиыны өтті.

Аймақтың бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен өткен алқалы жиында айт намазы уақыты белгіленіп, Құрбан айт мейрамын жалпыхалықтық деңгейде атап өту мақсатында мерекелік шаралар ұйымдастыруды, www.qurban2023.kz сайты арқылы онлайн және офлайн форматта өтетін құрбан шалу  рәсіміне арналған мал сою орындарын тазалық талаптарына сай дайындауды, арнайы штаб құрып, елдің аманатын тиянақты атқаруды, мейірімділік пен қамқорлыққа үндейтін ұлық мерекенің қадір-қасиетін және қандай игі амалдар атқаруға болатынын жамағатқа насихаттауды тапсырды.

Сонымен қатар, жиын соңында ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын пысықтады.