Талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

0
223

Қазір еліміз бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны басталды. Нұр-Мүбарак университетінде де 20 маусымда басталған 2023-2024 оқу жылына арналған қабылдау шарасы 7 шілдеде аяқталады.

Биылғы өзгешелік, әрбір университет білім беру бағдарламалары бойынша өздігімен шекті ұпай санын қоя алады. Нұр-Мүбарак университетінде шекті ұпай саны – 60. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін барынша көп ұпай жинау керек. Нұр-Мүбарак университетіндегі білім беру бағдарламаларына тоқталсақ, бакалавриат деңгейінде: Исламтану, дінтану, теология, аударма ісі, шетел филологиясы.

3 жылдық қысқартылған оқу бағдарламасымен (медресе-колледж түлектері): исламтану, дінтану.

Екінші жоғары білім: теология, дінтану. Ал магистратуралық білім беру бағдарламасы бойынша: исламтану, дінтану;

Докторантура: исламтану, дінтану.Қажетті құжаттар:

Аттестат немесе диплом (түпнұсқа) қосымшамен бірге;
3 × 4 көлемдегі 2 фотосурет;
075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
Жеке куәлік көшірмесі;
Сотталмағандығын растайтын анықтама;
Психологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

Байланыс үшін: (WhatsApp) + 7 700 302 09 30
Телефон: +7 777 302 09 66
Inst: @priem_nmu; @nmu_kz