Ақтөбе: Мәртөк ауданының имамы тағайындалды

0
204

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мешітінің бас имамы тағайындалды.

ҚМДБ Төрағасының бұйрығын жергілікті мешіт жамағаты алдында облыс бас имамы оқып, жаңадан тағайындалған дін қызметкері Марал Иманғалиды көпшілікке таныстырды. Ол – бұған дейін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.«Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі. Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында, сондай-ақ Мысыр Араб Республикасының әл-Азһар университетінде 2 айлық курс оқыған. 

Облыс бас имамы Марал Ермекбайұлына сәттілік тілеп, ақсақалдар батасын берді.