МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ БАРДЫ

0
140

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Игі шарада құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.