ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
109

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Замир Ракиев ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Кеше ғана Рамазан бітіп, бір-бірімізді Ораза айтпен құттықтаған сияқты едік. Уақыт деген ұшқан құстай, мінеки, Құрбан айт мерекеміз де келіп жетті. Осы орайда сізді және бір туған қазақ елін, мұсылман бауырларымызды ұлық мерекемен құттықтаймын. Алла Тағала барын мұқтаждармен бөлісіп, сауабын үміт еткен баршаңызға құт-береке, амандық, мол жақсылығын нәсіп етсін» делінген құттықтау хатта.