Қарағанды: 800 баланы қуантқан құрбан айт

0
137

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен  қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде 800-ге жуық бүлдіршін мерекелік қуанышқа бөленді.

Шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, балаларға ұлық мерекенің қадір қасиеті жайлы насихат айтып, өзінің ізгі тілегін білдірді.

Мешіт ауласында өткен мерекелік бағдарламада әртүрлі ойындар ойнатылып,  800 балаға ойыншықтар мен балмұздақтар таратылды. Сондай-ақ әртүрлі жануардың киімін киген аниматорлар ойын-сауық көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады.

Бүлдіршіндер арасында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Мешіт ауласына тігілген қазақы киіз үйде арнайы ас әзірленіп, бүлдіршінге ыстық ас үлестірілді. Осылайша, Қарағанды шаһарының бүлдіршіндері ұлы мейрам – құрбан айтты ұлықтады.

Айта кетейік, игі шара Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің, «Ясин» қыздар орталығы мен  «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің және жергілікті демеушілердің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асты.