ХАННЫҢ ҚҰРАНЫ — ХАЛЫҚТЫҢ МҰРАСЫ

0
245

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында елдің рухын көтеретін керемет жаңалықпен бөлісіп, әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылғанын жеткізді.

«Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға. Марал ишан барша қа­заққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кене­сары ханның үзеңгілес серігі. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан-қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен. Оны жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып ал­дық. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отан­дық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Құранның, расында Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды» деді Президент.