Мүфтият қызметкерлері Иордания елінде

0
181

Кеше Амман қаласында Иордания Корольдігінің Вакуфтар және ислам істері министлігінің Король Абдалла ІІ атындағы Уағызшыларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Амман жолдауларының» мазмұнын түсіндіру үшін 44-ші халықаралық сессиясы өз жұмысын бастады.

Сессияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және Бөлім меңгерушісінің орынбасары Думан Сайфуллин қатысуда. Аталмыш сессияға 15 мұсылман мемлекетінен делегаттар шақырылған. Сонымен бірге Иордания елінің мүфтиі қатысып, шақырылған қонақтарға өз ілтипатын білдірді. Айта кетерлігі, сессия 27 шілдеге дейін жалғасады.