БҰҰ: Қасиетті кітаптарды қорлауды айыптаймыз!

0
168

БҰҰ Бас ассамблеясы қасиетті кітаптарды қорлауға қарсы резолюция қабылдады. Оның мақсаты – конфессияаралық диалогты дамыту және өзара жеккөрінішке қарсы күрес. Соның аясында қасиетті кітаптарды қорлау мен оларға тіл тигізу жағдайлары айыпталады және халықаралық құқықты бұзу болып есептеледі. БҰҰ мүше-мемлекеттері қабылдаған құжатта “діни белгілеріне байланысты адамдарға шабуыл жасауды, сонымен бірге діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, үйлерге, кәсіпорындарға, дүние-мүлікке, мектептерге, мәдени орталықтарға қарсы бағытталған кез келген іс-әрекетті айыптаймыз” делінген. Іс-шараға қатысушылар Испанияның халықаралық құқықты бұзу туралы сөзді алып тастауға қатысты берген ұсынысын қабылдамай тастады.