“Исламдық” бөліп төлеу арқылы пәтер алу. Ол қалай?

0
196

Шешенстан астанасы Грозныйда қала орталығынан пәтер алғысы келетіндер үшін “исламдық” бөліп төлеу (рассрочка) мүмкіндігі пайда болды. Favorit 13 исламдық қаржы тобы ұсынып отырған қызмет бойынша азаматтар тіпті алғашқы жарнаны төлемей-ақ та пәтер ала алады. Бүгінде қала орталығынан жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Дәл қазір пәтер алса, бір шаршы метрінің құны – 59 мың рубль (292 мың теңге) болып тұр. Клиенттерге 4 жылға дейінгі икемді үстеме бағамен бөліп төлеу ұсынылады. Егер 1 жылдың ішінде төлеп тастаса, пайыз қосылмайды. 2 жылда төлесе, 15%, 3 жылда – 25%, 4 жылда – 30% үстеме баға қосылады. Компания өкілдерінің айтуынша, қазір азаматтармен келісімшарт жасау басталып кеткен. Үй алуға тек шешендер емес, көрші республикалардың да тұрғындары өтініш білдіріп жатыр.