Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

0
185

27-28 шілде күндері ҚР Терроризмге қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен Терроризмге қарсы Астана қалалық штабы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді. Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестік көріністеріне шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру. «Шектеу шаралары, соның ішінде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозағылысына тыйым салу жоспарланған. Оқу-жаттығу түрлі күрделелік элементтерін қамти отырып, шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған. Азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», – деп мәлім етті Терроризмге қарсы Астана қалалық штабынан.