Қарағанды қаласы тағы бір мешітпен толықпақ

0
179

Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали қалада бой көтеріп келе жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Облыс орталығында орналасқан құрылыс нысаны 200 адамға арналып салынуда. Ғимараттың ішінде ерлер және әйелдер намазханасымен қатар құлшылық рәсімін өткізу залдары, асханасы мен дәретханасы қарастырылған. 

Екі қабаттан тұратын құлшылық үйін бастап салушы кәсіпкер Қуантай Амангелдіұлы облыс бас имамына Алла үйінің құрылыс барысынан хабар берді. Бас имам Естай Айтуғанұлы жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырып, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. 

Сонымен қатар, мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.