БАС МҮФТИ ТӘЖІКСТАН ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
133

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары аясында Тәжікстан Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзодамен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Тәжікстан елдері арасындағы діни, рухани байланысты арттыру, екі елге тән ортақ жобаларды қолдау жағы сөз болды. Тәжік елінің мүфтиі Меккедегі конференцияда айтылған Қазақстанның бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Сөз соңында ҚМДБ Төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзоданы Қазақстанға зиярат етуге шақырды.