Жетісу: Бас имам су басқан ауылдарды аралады

0
262

Бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы Ескелді ауданы мен Ешкіөлмес, сондай-ақ Абай ауылдарына барып, тоқтаусыз жауған жауын-шашынның салдарынан зардап шеккен отбасылармен кездесті.

Табиғи апаттың салдарынан көптеген отбасылардың үйлерін су алып, кейбірі тұруға жарамсыз болып қалған. Айдың күні аманында абдырап қалған халыққа демеу болу мақсатында бас имам Керімбек Сәрсембайұлы 20 отбасына демеушілердің көмегімен 1 млн. теңге қаражат үлестірді. Жақын елдімекендердің жағдайымен де танысты. Еліміздің амандығы үшін, халқымыздың тыныштығы үшін дұға қылып, осынау қиын-қыстау күндері қызмет қылған барша жандарға, еріктілерге мүфтият атынан алғыс білдірді.