Қарағандыда ХІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

0
133

Қарағанды облысына қарасты Сұрыптау бекетінің «Қамзе ата» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті.

Жарыстың шымылдығын Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы алғы сөзбен ашты. Ал, марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы арнайы қатысты. Наиб мүфти өз сөзінде Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқтала келе, Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндірді.

Іріктеу сайысына Қарағанды облысына қарасты барлық елді-мекендерден келген 81 қатысушы 4 номинация бойынша (Құранды толық оқу, 20 параны, 10 параны жатқа оқу және мәнерлеп оқудан) бақтарын сынады. Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын жан-жақты қадағалайтын Республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Ахмет Серік Полатханұлы және «Әлихан Бөкейхан» атындағы Теміртау орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейімбекұлы әділ бағасын берді.

Толық Құранды жатқа оқудан әр номинация бойынша І орынды иеленген үміткерлерге Ұмра қажылығына жолдама берілді. Басқа да жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жүлделерді ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы және қазылар алқасының мүшелері табыстады.

Жарыс соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Құран жарысына қатысқан қарилар мен шараны ұйымдастырушыларға және байқауды тамашалаған көрерменге өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ ХІІ Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.ХІІ Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:

Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Сейтқасым Нұртілеу (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Эминтаев Асадулла (300 000 тг);
ІІІ орын – Әлижанов Азамжан (200 000 тг).

Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Қасым Рузихан (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Абдулазиз Абдулбақи (300 000 тг);
ІІІ орын – Есімбек Арсен (200 000 тг).

Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Ахат Самғатұлы (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Тұраржанов Нұрсилам (300 000 тг);
ІІІ орын – Малғаждар Ибрахим (200 000 тг).

Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

І орын – Шаудырбай Ерболат (Ұмра қажылығы);
ІІ орын – Әмір Асылжан (300 000);
ІІІ орын – Исмайлов Мухаммедали (200 000)

Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ Республикалық Құран жарысына жолдама алды.