Жетісу: Қуанса, бала қуансын!

0
151

ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қуанса, бала қуансын!» деген атаумен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық акциясына Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы қатысып, балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Айта кетсек, бір мезетте облыстық Орталық мешіттен бастап өңір бойынша барлық аудандық-ауылдық мешіттерде ҚМДБ бастамасымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бойынша жаңа оқу жабдықтары салынған сөмкелер оқушыларға табысталды. Орталық мешітте 200 балаға көмек көрсетілсе, арнаулы мекеменің ерекше балаларына және тұрмысы төмен көмекке мұқтаж отбасыларынан 2000 балаға аудандық мешіттерде имамдар оқу жабдықтарымен сөмке үлестірілді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Жетісу облыстық өкілдігі мұрындық болған қайырымдылық шарасына жомарт жандар демеушілік көрсетті. Жақсылықта жарысқан азаматтарға Алла разы болғай!