Жетісу: Бас имам алқалы жиын өткізді

0
239

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Дәуітовтің төрағалығымен аудан-қала имамдарының алқалы жиыны өтті.

Жиында бас имам жаңадан тағайындалған дін қызметкерлерін көпшілікке таныстырды. Әр аудан-қала имамы жыл басынан бері атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс бас имамы өз кезегінде мүфтият бекіткен 5 бағыт жұмыстарын жандандыруды, алдағы уақытта өтетін аттестацияға дайындық мәселесін, мешіттердің базаға толық тіркелуін, жамағаттарға тұрақты дәріс мәселесін, қысқы уақытқа дайындық жұмыстарын, жол бойындағы мешіттердің жұмысы, мешіт тазалығы, имамдардың этикеті, жоспарлы республикалық форум мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берді.

Алқалы жиыннан кейін Жастар ісі секторы мен «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» ұйымдастырумен имамдар арасында көгалдағы хоккейден облыстық турнир өтті. Шараға бас имам Керімбек Сәрсембайұлы бастаған облыстың барлық имамы қатысты.

Көгалдағы хоккей – кәдімгі футбол алаңында, көк майсада өтетін спорттық ойын. Мұнда командалар өздеріне доп өткізіп алмай, қарсыластарына көп енгізуді мақсат етеді. Көгалдағы хоккей мұз үстінде ойналатын шайбалы хоккейге қатты ұқсайды. Өте тартысты додада ауданнан келген құрама команда жеңіске жетті. Дін қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалып