Мен, Ж.Абдуалиев Түркістан облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келдім. Аталған ауылдағы 2008 жылы мектепке барып, 2018 жылы мектепті бітірдім. 2018 жылы Қарабұлақтағы колледждің «Көлік құрастыру» мамандығына түсіп 2021 жылы аяқтадым. Бала кезімде әке-шешемнің тәрбиесінде өстім, ауылдың негізгі күн көрісі диқаншылық пен мал шаруашылығы. Өзімнің ықылассыммен 2018 жылы «Намаз оқып үйренейік» атты кітабын оқып намаз оқуды үйрендім. Содан бес уақыт намазға бет бұрдым. Жұмаға барып имамдардың уағыздарын тыңдап жүрдім. Бос уақыттарда әлеуметтік желілерден өзбек тілді уағызшыларды тыңдап тұратын едім. 2020 жыл басынан бастап интернеттегі уағыздарды тыңдап, қатты кірісіп кеттім. Уағызшыларды іріктеп Юсуф Даврон, Шейх Самарқанди, Абдуллах Зуфар атты өзбекше радикалды уағызшыларды жиі тыңдадым. Олардың сайтарына тіркелдім. Олар имамдардан ерекше хақты айтады деп, уақытымның көп бөлігін уағыз тыңдауға  арнадым. Олардың уағыздарының негізгі мазмұндары бидағат, ширк, тағұт, хижрат, зулум хукумат тақырыптары еді. Сол уағыздарды іштей дұрыс санап, ерекшеленіп жүрдім. Сол іс-әрекеттерім үшін 2021 жылдың күз айында көзге түсе бастадым. Ескерту жұмыстары жасалғанымен, мән бермей жүре бердім. Аяғы осы материалдар негізінде қылмыстық жауапкершілікке тартылдым. Қазір таңда Шымкент қаласындағы №54 мекемесінде жазамды өтеп жатырмын. Алғаш мекемеде қызметкерлер дұрыс қабылдап, мекеменің ішкі тәртібін түсіндірді. Мекеменің теологтарынан бөлек,  имам-теологтар да діни танымдық оңалту жұмыстарын жүргізді. Алғашында имам теологтар менің жүрегіме күдік салып жүр деп дұрыс қабылдамадым. Теологтар менімен дұрыс байланысқа түсіп, менің діни танымыма әсер ете білді. Оңалту жұмыстарында дін негіздері, мәтуриди сенім мектебі, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, зайырлылық таным тақырыптары қамтылды. Сұқбаттардан кейін дұрыс санап жүрген уағызшыларымның шынайы бейнелерін ашып берді. Мен қазіргі таңда түзеу жолына нық түстім. Имам-теологтар маған дәлелдер арқылы түсіндіргеннен кейін, бұның қателік екенін түсіндім. Олар  радикалды көзқарастарымен іздеуде жүрген уағызшылар екен. Олардың Құран аяттарын бетперде қылып, бұрмалап, өздеріне тарта білетін жаман қасиеттерінен сақтанған дұрыс екенін түсіндім. Сол үшін Имам-теологтарға ризашылығымды білдіремін.

Мен, ата-анамның қызметінде болып, ризашылығын алатын уақытымда діни сауатсыздығымның кесірінен түрмеде отырмын. Мұндай жағдайды ешкімге тілемеймін. Құдай қаласа бостандыққа шықсам, ата-анамның ризашылығын алу үшін қызмет етемін. Отанымыз, отбасымыз аман болсын!.

Сотталған: Ж.Абдуалиев

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *