Шымкентте қыз-келіншектерге кеңес беру орталығы ашылды

0
161

Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында  Шымкент орталық мешітінде «Қыз-келіншектерге кеңес беру орталығы» ашылды.  

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дәстүртанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров,  қалалық «Жастар ісі»  секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова,  қалалық «Әжелер» мектебінің топ жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова, ұстаздар мен әжелеріміз қатысты.

Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты –  бойжеткен қыздарымызға ұлттық салт дәстүр негізінде тәлім-тәрбие беру,  соның ішінде рухани күйзеліске ұшырағандарға рухани қолдау көрсету,  тұрмыс құру, ана болу,  отбасылық өмір,  т.б.с. асыл құндылықтар жөнінде кеңес беру болып табылады.

Басқосу аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы жаңадан ашылған кеңес беру орталығының жұмысын дамыту үшін түрлі деңгейде семинарлар, басқоуслар, дәрістер өткізілетінін атап өтті.

Айта кетсек, аталмыш кеңес беру орталығының жұмысын әзірге аптасына екі рет діни һәм  өмірлік тәжірибесі бар «Әйел-қыздар» секторы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері атқаратын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі