Жетісу: Бас имам – Панфилов ауданында

0
135

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Дәуітов Панфилов ауданына іссапармен барды.

Сапар аясында ең алдымен аудан әкімі Марат Рахымбердіұлымен жүздесті. Кездесу барысында аудандағы діни ахуал, имамдардың әлеуметтік жағдайы, халықтың руханияты сөз болды. Бұдан кейін «Ұйғыр этно-мәдени» орталығында болып, жергілікті ұйғыр халқымен кездесті. 

Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті аудан-ауыл имамдарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Мүфтият бекіткен 5 бағыт аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Бас имаммен арнайы іссапарға барған облыстық ЖАНТ мүшелері мемлекеттік мекемелерді және арнаулы мекемелерде, мешіттерде насихат жүргізді. ЖАНТ мүшелері «Дархан Дала» жобасын іске асыру мақсатында көне, ел аузында «Шегесіз мешіт» деп танылған мешіт-мұаражайға барып, тарихи орындармен танысты.

Сапардың екінші күнінде бас имам Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті жамағатқа Бас мүфти бұйрығын оқып, ауданға жаңа бас имам болып тағайындалған Ережеп Жардыбайұлын таныстырды. 6 жылға жуық қызмет еткен Серік Шәріпұлының иығына шапан жауып, жергілікті халық алғысын білдірді. Бас имам қайта құрылысы жасалып, бой көтерген қалалық «Елтай» мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ Керімбек Сәрсембайұлы облыстық Жастар ісі секторының ұйымдастырумен жамағат арасында өткен діни тақырыптағы «DINtellect» интеллектуалдық сайысына қатысты. Сапар соңы Панфилов аудандық мешіттерінің жамағаты арасында өткен шағын турнирмен аяқталды. Жеңімпаздар марапаталып, жүлделі сыйлықтар берілді.