Ақтөбе: Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі насихатталды

0
147

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігіндегі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Мұсылман әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

35 әйел жамағаты қатысқан шарада сектор жетекшісі Кенжегул Кушкарова әлеуметтің желінің пайдасы мен зияны туралы айта келе, желіні пайданудағы әдептерге тоқталды. Ал Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы, «Мұнара» телеарнасының тілшісі Ақтолқын Тажикова әлеуметтік желіні қолдану мақсаттарының 3-ке бөлуінің туралы жіті түсіндіріп, ғаламтор желісінде ұзақ отырғаннан туындайтын 5 зиянды жіті талдап берді.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева әлеуметтің желідегі және де жалпы мұсылман әйелдердің әдебі мен көркем мінезі туралы насихат айтып, әлеуметтік желінің жасөспірімдердің болашағына кері әсері туралы әңгімеледі. Аталған облыстық мешіттің ұстазы Ақмарал Ерболатова әйел жамағатына семинарды қорытындылау мақсатында ойын ұйымдастырды. Семинар қортындысында ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектер аталған іс шараға оң бағасын беріп, ұстаздарға алғыс білдірді.

Айта кетсек, семинар туралы БАҚ өкіліне сұхбат берілді.