РАНТ мүшесі – Ақжайық өңірінде

0
166

v

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі, ұстаз Медет Құрмашұлы жақында Ақжайық өңіріне екі күндік сапармен барды.

Алдымен РАНТ мүшесі қасиетті жұма күні «Ар-Рахман» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді. Бұдан кейін «Орал» медресе-колледжінің шәкірттерімен жүздесіп, білім алуға қатысты ағалық кеңесін айтты.

Кешкі уақытта Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінде ақ дастархан жайылып, Медет Құрмашұлы «Білім алу – әр мұсылманға парыз» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ жиналған жамағаттың сауалдарына жауап берді.

Сапардың екінші күні Тәжіден Батырұлы атындағы мешітте де дастархан жайылып, «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында уағыз айтылса, әсерлі насихат жамағаттың сауалдарына ұласты. Ал «Ар-Рахман» мешітінде өткен «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбындағы облыстық семинарда Медет Құрмашұлы аталмыш тақырып аясында кеңінен тоқталып, имамдардың көкейкесті сауалдарына тұшымды жауап берді. Семинарға облыс пен қала имамдары қатысты.