«Zeket Hub»: Тегін оқу курстары басталды

0
168

«Zeket Hub» қайырымдылық орталығында ерлер мен әйелдерге арналған тегін оқу курстары басталды.

Атап айтқанда, ер-азаматтар кәсіптік бизнес, бизнес бренд қалыптастыру, жобаларды басқару әліппесі және SMM-нің жаңа трендтерін үйренсе, қыз-келіншектер ұлттық қолөнер, яғни этно стиль бойынша құрақ көрпе тігу, ұлттық нақыштағы заманауи киімдер, тоқыма курстарына қатыса алады.

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлының айтуынша, курс елорда тұрғындарының біліктілігін шыңдап, заман ағымына сай кәсіппен, шағын және орта бизнеспен айналысуына алғашқы қадам болмақ.