Ақтөбе: Тасжол бойында намазхана іргетасы қаланды

0
163

v

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйытқы болуымен Ақтөбе – Ырғыз – Шалқар тасжолы бойында намазхананың іргетасы қаланды.

Жолаушылардың құлшылықтарын қиындықсыз орындауына жағдай жасау мақсатында басталған намазхана құрылысының іргетасын бас имам Серікжан Еншібайұлы өзі қалады. Аталған игі шараға Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизада, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев, мешіт жанашырлары т.б қатысты.

«Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір, жол салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру – сауабы үзілмейтін уақып» дей келе, сауабы мол игілікке демеушілік танытқан кәсіпкер, мешіт жанашыры Рүстем Нұрбаевқа Серікжан Еншібайұлы алғысын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. 

Одан өзге осы аталған тоғыз жолдың торабында намазханадан бөлек, шариғат талабына сай асхана, қонақүй салу жоспарлануда. Айта кетсек, 2024 жылдың шілде айында намазхана ашылады.