Қонаев: «Ас беру мәдениеті» семинары ұйымдастырылды

0
173

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған бұл құжаттың маңызын тағы бір түсіндіріп, өңірімізге қарасты барлық елді мекендерде шариғат шеңберіне сай, салт-дәстүрімізге лайықты деңгейде ас беру, құдайы тамақ беру мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.

Бұдан бөлек, облыс бас имамы аталмыш құжатты халық арасында кеңінен насихаттауға шақырып, бұл мәселе жөнінде семинарға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.