Түркістан: Имамдарды оқыту семинары өтті

0
117

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті және Қазығұрт, Келес аудандарының имамдарына оқыту семинары өтті.

Семинарға Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, Түркістан облысының Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов, Шымкент қаласының «Ақмешіт» орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Мамадалиев қатысып, «Көркем уағыз айтудың әдебімен мәдениеті» тақырыбында баяндама жасады.