Павлодар: Имамдар киелі орындарға зиярат жасады

0
150

ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасының аясында Павлодар облысының дін қызметкерлері Абай облысындағы киелі орындарға зиярат жасап барды. 

Рухани сапардың мақсаты – Абай облысындағы киелі және тарихи   орындармен танысу, әулие-ғұламалардың кесенесіне зиярат ету. Имамдар бабалар рухына Құран бағыштап, Жидебайдағы Абай, Шәкәрім аталарымыздың кесенесіне зиярат етіп, ғибратты әңгімелер тыңдады. Қасиетті өңірдің тарихымен жете танысып, ұлы адамдардың өнегелі өмірбаяндарына қанық болды.

«Көп нәрсені көріп, одан да көп нәрсені естіп, ғұмырлық пайдалы мәліметтерге қанығып, рухани тұрғыда бір түлеп қайттық. Осы орайда сапар барысында қарсы алып, шығарып салған, жол көрсетіп, қолдау көрсетіп, қонақжайлық жылы қабақ танытқан Абай облысының дін қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз» дейді павлодарлық имамдар.