«ӨКІЛДІК САҒАТЫНДА» АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

0
185

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті «өкілдік сағаты» өтті.

Онлайн форматта өткен жиынға ҚМДБ қызметкерлері мен Алматы облысының имамдары қатысты. Жиналысты ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өкілдік сағаты» жобасының басты мақсаты – облыс имамдарының өңірде атқарып жатқан жұмыстарымен жақын танысып, тиісті нұсқама, қажетті кеңес беру, сонымен қатар ҚМДБ қызметкерлері мен облыс имамдарының ортақ жұмыстарын жүйелі түрде үйлестіру. Бұл жоба діни саладағы іс-шараларымызды сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыруға серпін береді деп сенемін» деді.

Жиын барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов Бас мүфти мен ҚМДБ қызметкерлеріне жыл басында бекітілген бес бағыт (дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру) бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Сонымен қатар бес бағытқа жауапты ҚМДБ бөлім меңгерушілері Алматы облысының имамдарына жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы жиналысты түйіндеп, мүфтият қызметкерлері мен Алматы облысының имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңызын атап өтті.