Шымкент: Студенттерге халал өнімдері насихатталды

0
156

«Шымкент» медресе-колледжінде «Адал ас  –  денсаулық кепілі» тақырыбында діни-танымдық семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысы ерлер және қыздар бөлімінде өтті. Семинар барысында Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев арнайы қатысып, шәкірттерге ҚМДБ-ның халал бағытындағы жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, шәкірттерге қасапшылықтың қыр-сыры мен мал союдың шариғаттағы талап-ережелері, шұжық өндірісі, тәтті өнімдерді өндіру ісі, түрлі қоспалар т.б. айтылды.

Айта кетсек, халал бағыты бойынша тәлімдік курстар оқу жылының соңында дейін жалғасып, бітіруші түлектерге арнайы куәлік беріледі. Кездесу аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай қалалық арнайы маман Қазыбек Сұлтанбекұлына алғыс айтып, ризалық білдірді.