Алматы: Мешіттердегі мерекелік шара

0
160

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, «Әскер ата» мешітінде қайырымдылық бағытында балаларға базарлық ретінде сыйлықтар үлестірілсе, «Көк Қайнар» мешіті мерекеге тарту деп 100 дана көк ту таратты. Ал жамағатқа дастарқан жайылып, РАНТ мүшесі Қазыбек Ахметов Құран бағыштап, дұға жасады. Сондай-ақ «Бәйкен», «Омар ибн Хаттаб» тағы басқа мешіттерде мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналарға азық-түліктер салынған себеттер таратылып, «Дархан», «Нұрлытау» және «Абу Бакр» мешіттерінің дін қызметкерері қарттар үйіне зиярат жасады.

Республика күніне тарту сыйлар қала мешіттерінде әлі де жалғасуда.