ШҚО: Студенттерге лудоманияны түсіндірді

0
192

ҚМДБ жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы политехникалық колледжінің студент жастарымен кездесу өткізіп, қазіргі уақытта өзекті болып отырған лудоманияға (құмар ойыны) салынудың зияны жайлы түсіндірді. 

Нақты мысалдармен түсінікті етіп, тұшымды насихат айтқан бас имам: «Құмар ойындарына салыну – адамды аздыратын, арынан, барынан айыратын ең қауіпті жағымсыз іс. Бұған әуестену соңғы кезде жиі көрініс беруде. Дінімізде құмар ойынға тыйым салған. Оның зияны жайлы мысалдар да жеткілікті. Жастар оңай жолмен ақша табуға емес, адал еңбек етіп, оқып ел үшін еңбек етсе ғана еліміз дамиды. Абай атамыз да «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деп бекер айтқан жоқ» деп кең көлемде баяндады.

Бас имам құмар ойындарына байланысты қойылған сұрақтарға да жауап берді. Оқу орны басшылығы дін қызметкеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.