Ұлт мәселесіне дәстүрлі исламның көзқарасы

0
149

Әр адам үшін кіндік қаны тамып, туып-өскен жері, яғни өз отанынан қымбат, қасиетті мекен жоқ. Отанымыздың ұлтарақтай жері үшін қаһарман ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша күресіп, ұрпағына оны мирас етіп қалдырды. Сондықтан барлығымыз туған еліміз бен жеріміздің алдында әрқашан борыштар екенімізді ұмытпауымыз қажет. «Отан – оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс – күймейсің», «Отанды сүю-иманнан» – деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Осы кең байтақ Отанымызда салт-дәстүріміз, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз жатыр. Отаны жоқтың дәстүрі, тілі, діні, тарихы болмақ емес. Өз ұлтын, елін сүймеген, оған құрмет көрсетпеген адамнан опасыздықтан басқа ешнәрсе күтуге болмайды. Сонымен қатар әр ұлт өз тілі мен дінін де аса құрметтеп, сақтап, кейінгі өскелең ұрпаққа қалдыратын болса, әрине нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

          Құран Кәримде: “Сіздерді халықтар мен тайпалар етіп жараттық”, дейді. Сондағы мақсат не? Оған Алла “бір-бірлеріңізді тану үшін” деп, осы аяттың өзінде жауап береді.  Ғұламалар аяттағы “бір-бірлеріңізді тану үшін” дегенін бір-біріңіздің жақсы өнеге, қасиеттеріңізді үйрену, өнеге алу үшін деп аударады. Осынау кең мағына беретін аяттағы «Халықтар»- (шуъбан уа қабайлан) — тайпалар етіп жараттық, бір-бірлеріңізді тануларың, білулерің үшін дегені тайпалар мен халықтарды құратын әлеуметтік ұйыстырушы құрылымдар қызметі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәні мен мақсатына кең көлемде қарау керек екенінде ұқтырып, әлеуметтік ұйысымдардың жекелеген тетіктері мен түрлі бұындарына да мән беруді меңзеп тұр. Демек аяттағы үлкен мәннің «ғұрып», «адад» салт-дәстүр сияқты әлеуметтік құрылымдардың үлкен кешенді ұғым-мағыналарын аша түсетін қолданыстардың жоғарыда аталған аятында ұғынылуы тиіс екендігіне ешкім дау айта алмайды. Өйткені өзара ажырамайтын тұтас ұғымдар.  Яғни, Алла  пенделерінің тайпа-тайпа, халық-халық болып өмірсүруі Өзінің жаратуымен болғандығын білдіреді. Олай болса, әр халық өз болмысын айғақтайтын белгісімен ажырап тұруы, өзіндік киім, өзіндік тілі де болуы Алла Өзі хәкім деген заңы талабы деген сөз.

     Халық, ел, ұлттың өмір сүруі оның тілі, тарихы, мәдениеті мен дәстүрі, геосаяси-экономикалық бірлігі арқылы нақтылайтын болады. Оның ішкі құрылымдық анықтауыш факторларының  өзі  дінді де мәні аса жоғары құбылыс деп қабылдау басым. Осы белгілерінің өзі-ақ кімнің кім екендігін айғақтауға жеткілікті. Ендеше, біздің қазақ халқы да өзінің бар екендігін, өз алдына дербес ұлт екендігін біз айтқан белгілерімен көрсетуі тиіс.

Иоганн Гете айтады: “Кім өз ана тілін менсінбей мұрын шүйірсе, ол өз ұлтына қарай үш рет оқ атқанмен барабар”. Ғабит Мүсірепов: “Тілін білмеген тегін білмейді” дейді.          «Діни тұрақтылық» мұраты асыл ұғым ретінде қазақ халқының тіліне, діліне, өмір сүру дағдысына керек десеңіз салихалы салтына айналған құндылық. Оны мақсат ету арқылы ұлтымыз дәуірлер сынына неше түрлі дүние дүрбелеңдеріне мойымай, сынып, сөніп, жоғалып кетпей ошағына, отанына жеріне ие болып ұлағаты мен ұлық пайым-парасын ұрпағына мұра етіп қалдырып келеді.