«МҰНАРА» ГАЗЕТІНІҢ 100-САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

0
146

2019 жылғы 22 қазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы – «Мұнара» рухани-танымдық газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартқан еді. Содан бері аттай тулап төрт жыл өте шықты. Бүгін, «Мұнара» газетінің 100-саны жарық көрді. Алла қаласа, келер 2024 жылы «Мұнара» газетінің – 5 жылдығы.

Қазақ журналистиканың тарихында жалпы саны 100-ге жетпеген газеттер бар. Мәселен, «Қазақстан» газетінің – 16, «Жас азамат» газетінің – 22, «Бірлік туы» газетінің – 29, «Ұран» газетінің – 38, «Сарыарқа» газетінің 90 саны ғана жарық көрген. Газеттің үзіліссіз шығып тұруы оқырманға тікелей байланысты. Аллаға шүкір, қазіргі уақытта «Мұнара» газетінің 31 мыңнан астам оқырманы бар. Осы орайда баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқанын айта кетейік. Жазылу науқаны бір айдан кейін аяқталады. «Мұнара» газетінің жазылу индексі – 64747. Бір жылға жазылу бағасы қала бойынша – 2311 теңге, аудан-ауыл бойынша – 2414 теңге. Мешіттер арқылы жазылу құны – қала бойынша да, аудан-ауыл бойынша – 2100 теңге.

Айта кетейік, газет бетінде биыл «Шырмауық», «Бейбарыс сұлтан – 800», «Назидание верюущим» (орыс тілінде) секілді жаңа айдарлар ашылды. Одан бөлек «Мүфтият-ақпарат», «Насихат», «Тарих мен тағылым», «Руханият», «Зерде», «Кейіпкер», «Жүрек сөзі», «Сұхбат», «Жаһан», «Әдебиет», «Өзекті», «Өмірдің өзінен», «Motіvation», «Спорт» т.б айдарлар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.