Орталық мешітке найб имам тағайындалды

0
187

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шымкент қаласы орталық «Halifa  al Nahaiyan Aqmeshit» мешітіне найб имам болып Бекбауов Ерман Жақсыбайұлы тағайындалды.

Жиналған жамағатқа  жаңа найб имамды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы таныстырды.

Ерман  Жақсыбайұлы  бұған дейін  Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан «Әлмерек» мешітінде имам қызметін атқарған.  Білімі жоғары,  «Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі.

Қызметіне сәттілік болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі