Шымкент: Суық күнде имамдар ыстық шәй үлестірді

0
133

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен соңғы күндері бұрын соңды болмаған ауа-райының күрт өзгеруіне бойланысты суықта тазалықшыларды ынталандыру мақсатында «Біз біргеміз» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.  

Игі һәм сауапты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған мешіт имамдары, қалалық Жастар ісі секторы жетекшісі Әли Анарқұлұлы, Орталық мешіттің ұстазы Жұмағали Сүйін және еріктілер қатысты.

Игі шара аясында таң сәреден тұрып көше қарларын тазаушы тазалық мекемелерінің қызметкерлеріне т.б. қала тұрғындарна ыстық шәй, кофе және ыстық нан үлестірілді. 

Айта кетсек, аталмыш шара қала бойынша барлық мешіттердің ұйытқы болуымен қолға алынды. Жалпы игі шара апта бойы жалғасын табады.