Ақмола: Жылдың алғашқы жиыны

0
122

Көкшетау қаласының орталық «Науан хазірет» мешітінде бас имам Қуаныш Сәбиттің төрағалығымен Ақмола облысы имамдарының жиыны өтті.

Онда Мүфтияттың биылғы жылы атқарылатын іс-жоспарында бекітілген тапсырмалар айтылды. Осыған орай, әр өңірдегі мешіттер өз жоспарларын жасауы тиіс. Ал, облыстың бұл бағыттағы іс-шаралар жоспары да имамдар назарына ұсынылды.

Биыл Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйғаруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» аталып, бар іс-шаралар осы жоба аясында жалғасуы тиіс. Діннің тарихы өз алдына ұлттың салты мен дәстүрі негізгі құндылық ретінде қарастырылуы аса маңызды. Міне, осы тапсырмалар аясында әр салаға жауап беретін наиб имамдар баяндама жасап, алда атқарылар жұмыстарды тілге тиек етті. Мүфтияттыңшешімімен «Құран» секторы да ашылғалы отыр. Бұл да өңірлердегі жұмыстарды жаңа қырынан жандандыруға септігі тиетіні анық.

Басқосу соңында өткен жылы белсенді жұмысымен көрінген бір топ имам ҚМДБ Төрағасының алғыс хатымен марапатталды.