Жамбыл: Жылдық жоспар пысықталды

0
98

«Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл өңірінің қала, аудан бас имамдарының және наиб имамдарының жиналысы өтті.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың жетекшілігімен өткен жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына сәйкес жылдық жоспар пысықталды. 

Бас имам «Ислам және дәстүр құндылығы» жылында атқарылатын айтулы шаралар: «Қазақ даласында тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті» Республикалық конференциясы туралы, Отандық және шетелдік халал өнімдерді насихаттау мақсатында өтетін «Halal EXPO – 2024» ІІІ халықаралық көрмесі туралы атап өтті. Осы жылғы өзгерістер мен жаңашылдықтарды тілге тиек еткен бас имам Қарилар курсы турасында ерекше тоқталды. Жастарды білімге баулу, медресеге шәкірттерді тарту, Қарилыққа оқу мүмкіндігі, дуалды оқыту жүйесінің жетістігі жайын да жеткізді.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 5 бағыт, 28-ге жуық бөлім мен сектор жұмыстарына бекітілген жауаптылар сөз сөйлеп, аудандарға жауапты кураторлар тағайындалды. 

Шара соңында бас имам үздік имамдарды Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады. Ресми түрде алғысты табыстап, имамдардың қызметіне жеміс, Алланың разылығын тіледі.