Жетісу имамдарының алқалы жиыны өтті

0
89

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай Жетісу имамдарының қатысуымен жылдың алғашқы алқалы жиыны өтті.

Облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының төрағалығымен өткен жиынға аудан-қала имамдары, мешіт ұстаздары қатысып, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында облыс бас имамы дін қызметкерлеріне ҚМДБ Төрағасы берген тапсырмаларды жеткізіп, нақты нұсқаулар жүктеді.

Сондай-ақ жиын соңында бойы жоғары деңгейлі қызмет атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.