Университет Ректоры дайындық бөлімінің жұмысымен танысты

0
81

       ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінде орналасқан «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне дайындық оқу базасында арнайы семинар ұйымдастырылды.

         Семинар жұмысына Шымкент қаласына арнайы сапармен келген «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза, осы оқу ордасының ректор кеңесшісі, ұстаз Рахымжан Әкімбаев пен университетке дайындық курстарына жауапты бас маман Жарқын Еркінұлы, мысырлық ұстаз, ғылым докторы Ахмад Камал, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық «Нұр-Мүбәрак» университетіне дайындық курсының жетекшісі Ералы Есенкелдиев, ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Ұйымдастырылған семинарда «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза дайындық курсының тыныс-тіршілігімен қатысып, тәлім алып жатқан шәкірттермен кездесіп, арнайы дәріс оқыды.

         Кездесу аясындағы үлкен жаңалық болды, яғни ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үлкен қолдауымен және аталмыш оқу ордасының ректорының шешімімен ендігі жерде Шымкент қаласындағы дайындық курсында мысырлық ұстаз, ғылым докторы Ахмад Камал дәріс беретін болады.

         Басқосу аясында мәртебелі қонақтар мен ұстаздарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ризалық білдіріп, алғысын айттып, сый-құрмет көрсетті.

         Айта кетсек, Шымкент қаласы «Нұр-Мүбәрак» университетіне дайындық курсына 5 жыл толып отыр. Осы жылдары тәлім алған барлық шәкірттер білімдерін шыңдап, университетке грантқа түсіп, тегін оқу мәртебесіне ие болуда. Бүгінде күні дайындық бөлімінде 40 шәкірт тәлім алып жатыр. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі