Университет ректоры медресе шәкірттеріне дәріс оқыды

0
94

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Ілім – сарқылмас қазы» атты танымдық-рухани семинары өтті.
Семинарға «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза, осы оқу ордасының ректор кеңесшісі, ұстаз Рахымжан Әкімбаев пен университетке дайындық курстарына жауапты бас маман Жарқын Еркінұлы, мысырлық ұстаз, ғылым докторы Ахмад Камал, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық «Нұр-Мүбәрак» университетіне дайындық курсының жетекшісі Ералы Есенкелдиев, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Оқу орнында ұйымдастырылған игі шараны шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарда «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза «Иман, Ислам , Ихсан» тақырыбы аясында шәкірттерге дәріс оқыды.
Басқосу аясында мәртебелі қонақтар мен ұстаздарға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай ризалық білдіріп, алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.