ЖАҢАЛЫҚТАР «Qamqor-sharapat» мекемесінің аймақтық семинары өтті

0
90

ҚМДБ-ның «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің Шымкент орталық мешітінде «Qamqor-sharapat» орталығының қызметін цифрландыру» атты аймақтық семинары өтті.

Семинар жұмысын шаһар бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ашып жүргізіп отырды. Осыдан кейін, ҚМДБ-ның «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры  Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы, «Sharapat Digital» ЖШС-нің  директоры Еркін  Тойжанов, қалалық «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ербосын Орын қатысып, баяндама жасады.

Айт кетсек, ҚМДБ-ның «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры  Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша жерлеу рәсімдерін бір-ізділендіру, ысырапқа жол бермеу, құлпытас ортату және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен  «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін айтты.

Осыдан кейін, «Sharapat Digital» ЖШС-нің  директоры Еркін Тойжановтың баяндамасында бұрын қайтыс болған марқұмдардың аты-жөнін жинақтап, бір орталықта сақтау, цифилік жүйге енгізу сынды жаңа бастамаларды ортаға салды. 

Семинар аясында, қалалық «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ербосын Бектұрсынұлы арнайы жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндама оқыды.

Жалпы қала аумағында 80 мұсылман мазараты бар.  Осы бағыттың жұмысын дамыту қажет екендігі айтып, барша имамдарға нақты тапсырмалар берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі