Қарағанды: Имамдарға арналған семинар өтті

0
69

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында өңір имамдарына арналған семинар өтті.

Алдымен бес бағыттың бірі әрі бірегейі «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бөліміне аса басымдық беру мақсатында діни оңалту жұмысы бойынша семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Данияр Кемербаев қоғамда өзекті болған жат ағыммен күрес жолдарын талқылап, әдіс-тәсілдер қолдану арқылы деструктивті діни бағыттардың алдын-алу мақсатында дәріс оқыды. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдар жайында ақпарат берді. Осыдан кейін, «Құран және тәжуид» және «Фиқһ» саласы бойынша дәріс оқылды.

Қарағанды облысына қарасты барлық дін қызметкерлері бас қосқан семинарға Шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы арнайы қатысып, «Пәтуа сағатын» ұйымдастырды. Дін қызметкерлерінің тарапынан туындаған түрлі шариғи сұрақтарға жауап беріп, ғұламалар кеңесінің мақұлдауымен жарыққа шыққан жаңа пәтуаларды таныстырды.