«Бала және оны қоршаған орта» тақырыбында семинар өтті

0
81

Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында «Бала және оны қоршаған орта» тақырыбында жасөспірімдер мен әйел жамағатына арналған семинар өтті.

Семинарды Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы ашып берді. Жиында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – бала тәрбиесі қозғалды. «Баланы бала түсінеді» демекші, жиналған жас буынға ата-ананың қадірін түсіндіре отырып, баланың дүниеге келгендегі парызы: иман және ата-анаға құрмет екенін семинар спикерлері жақсы ашып берді.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы рухты жас адамның иманы мықты, ата-анаға құрметі жоғары болса Отанға деген махаббат сөзсіз жүрегіне ұялайтынын айтып өтті. Сондай-ақ сектордың Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Эльмира Серікбайқызы иман шарттарын ашып берді. Алматы қаласының жауапты өкілі Гүлмира Ілесбайқызы баланың психологиялық күйінің білім алуына үлкен әсер ететінін жастарға түсіндіре алды.

Семинар қорытындысында Әйел-қыздар секторының Алматы облысындағы жауапты өкілі Назерке Әкішқызы қоршаған ортаның жақсы болуы, жақсы достың жақсылыққа жетелейтіндігін айтты.