Қызылорда: Бас имам – «Bir tolqynda» диалог алаңында

0
107

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы және ҚМДБ Жастар ісі секторының облыстағы жетекшісі Айтжан Мұсаұлы «Bir Tolqynda» диалог алаңында қонақта болды.  

«Болашақ» университеті жастарымен өткен кездесуде Бас имам дін мен дәстүр сабақтастығы, уақытты тиімді пайдалану, жастық шақтың қадірі, тәртіп пен тәрбиенің маңызы, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастарды қазіргі қоғам арасында таралып жатқан жат идеялар ықпалынан қорғау сынды тақырыптар талқыланды. 

Шара соңында қатысушы жастар және мұғалімдер көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.