ШҚО: Пәтуа мәселесі талқыланды

0
130

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті.

Бұл шараға аудандық «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлау және ауыл имамдары қатысты. Жиында Зауатбек Сайлауұлы имамдарға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды насихаттаудың маңыздылығы жайлы айтты.

З.Сайлауұлы: «Халықтан пәтуаға қатысты өзекті сауалдар жиі қойылады. Сонықтан бұл саладағы шешімдерді халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты» деп атап өтті.

Жиында ауылдық мешіттердің имамдары сауалдарын қойып, жауап алды. Сондай-ақ пәтуаның өзектілігі талқыланып, алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.