Құраным Асыл тәжім атты мерекелік іс шара өтті

0
87

«Оқы ! Жаратқан Раббыңның атымен оқы», – деген қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы түскен аятында. Алла тағаланың осы әмірін орындауға ниет еткен, Шымкент қалалық шейх Мухаммед Садық Мешітінің шәкірттеріне алғашқы Құран кітаптары сыйға тартылды.

Шымкент қаласы Әйел қыздар секторына қарасты, мешіт жанындағы қыз келіншектерге арналған діни сауат ашу курсында Құраным Асыл тәжім атты мерекелік іс шара өтті . Сауат ашу курсының шәкірттері,алғаш рет Құранға түсіті.Мешіт имамыны Әбденов Әділбектің қолдауымен және сауат ашу курсының ұстазы Айдана Амантай қызының ұйымдастыруымен өткен іс шараның мақсаты -Келген қонақтарға Құран үйренуге насихат жасау және,мешіт шәкірттерін болашақта Құранды, дінді терең меңгеруге ынталандыру . Шара барысында шакірттер Құран жайындағы аят хадистерден аудармалар оқып ,кешіміздің қонағы Хафиза ұстазымыз Айгүл Маханова Ар Рахман сүресін әдемі мақаммен оқып жиынымыздың сәнін аша түскендей.

Осы кезекте мешіт имамы Әділбек Әбденов сөз сөйледі,Келген қонақтарға алғысын айта отырып , мұсылман қоғамы үшін әйел адамның ислами сауатты болуы маңызды екенін айтып ,Қыздарымыз Тек діни сауатты болып қана қоймай , елімізде басқа салаларда, мұсылман әйелдерге сапалы қызмет атқаратын әйел мамандардың қажеттілігін тілге тиек етті.

Жиын соңы қонақтарға арналған мерекелік дастарқан мен тарқады.