ДӘСТҮРЛІ ДІННІҢ УЫЗЫНА ЖАРЫҒАН ҰРПАҚ ЖАТ АҒЫМҒА ТӨТЕП БЕРЕ АЛАДЫ

0
327

Назарларыңызға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын ұсынып отырмыз. Сұхбаттасқан – белгілі қаламгер, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы.

– Ассалаумағалейкум, қа­дір­лі Наурызбай қажы Тағанұлы! Уақыт тауып, сұх­бат беруге келіскеніңізге рахмет. Ең әуелгі сауалымызды қоғамның рухани келбетінен бастасақ. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мем­лекет басшысы ұлттың са­пасы мен саламаттылығына айрықша көңіл бөлді. Осы бағ­дарда қоғамның рухани се­німіне және түрлі сын-қатер­ге қатысты бүгінгі өзекті мәсе­ле­лер туралы білгіміз келеді.