ШЫМКЕНТ: МЕШІТ КІТАПХАНАЛАРЫ «MUFTYAT» КІТАПТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

0
62

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде «Рамазанда мешітке кітап сыйла» акциясы аясында «Muftyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру, үлестіру шарасы  өткізілді.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде рухани бағыттағы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Muftyat» баспасының қалалық өкілі  Мұхамеджан Естеміров,  «Халал Даму» бөлімінің бауылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев және Жастар ісі секторы мен аудандық мешіттің имамдары қатысты.

«Шаһардағы 92 мешіт жанынан ашылған «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышына «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Қалып», «Жұма уағызы ІІІ том», «Ой салар оқиғалар», «Пәтуалар жинағы –  төртінші кітап» сынды әртүрлі құнды кітаптармен толықты», – деді салаға жауапты М.Естеміров. 

Айта кетсек, бүгінгі таңда ҚМДБ жанынан «Muftyat» баспасы арқылы 50-ден астам әртүрлі тақырыптарға арқау еткен кітаптар жарық көрді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызмет