ШЫМКЕНТТЕ ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫ «MUFTYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

0
92

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биыл жолдаған бағдарлық баяндамасына орай Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласы Әл-фараби атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Ізгі қоғам» рухани имандылық кітапхана бұрышы жаңа кітаптармен толықты.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам әрі «Muftyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы, аудандық «Дін мен дәстүр» бағытының маманы Ержігіт Мамытұлы, қалалық жастар ісі секторы ұстаздары, Қалдыкүл Бекжанова жетекшілік ететін қалалық «Әжелер» мектебінің апа-әжерелері қатысты.
Негізгі мақсат – ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты аясында қала тұрғындарына, кітап сүйер қауымға діни басқараға қарасты «Muftyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды таныстыру, насихаттау болып саналады.
Осы тұста, тапсырылған кітаптар ҚР Дін істер комитеті мен ҚМДБ-ның сараптама комиссиясының оң қорытынды алғандығын айта кеткен жөн.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі